Атырау, 13 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау мектептерінде 11 қаңтардан бастап барлық оқушы қашықтан оқиды

3 130 просмотра

11 қаңтардан бастап мектептерде сабақ онлайн режимінде өткізіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

- Біз үшін балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы өте маңызды. Сондықтан сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелері ертең түгел дезинфекцияланады. Осы себепті, 11 қаңтарда мектептердегі сабақтар онлайн режимінде өтеді. Ал 12 қаңтардан бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптар режимінде оқуды жалғастырады, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмониямен ауру үдеген кезеңде жаңа оқу жылы онлайн-форматта басталады деп шешілген еді. Алайда, күзге жақын билік бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар, сондай-ақ интернет қосылмаған шалғай елді мекендердегі шағын мектептерді ашуды ұйғарған болатын.

10 қаңтар 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.