Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы және референдум өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстандағы 2474 сайлау участігінде дауыс беру басталды. Президент сайлауына 17 кандидат қатысуда. Сонымен қатар, референдумда Қырғыз Республикасын басқару нысанын таңдауға қатысты мәселе қойылады: - президенттік республика, - парламенттік республика, - барлық нұсқаларға қарсы.