Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Желтоқсан тым суық болды ма?

2 289 просмотра

Кешеден бастап атыраулықтар жылу үшін келген түбіртек сомасына шағымдана бастады. Олардың айтуынша, желтоқсан айындағы төлем сомасы бұрын төлеп жүрген сомадан көп болып шыққан. Әлеуметтік желіде тұрғындар түбіртектерін жариялап, жергілікті билікке жүгінуде.

«АЖ» сауалына жауап берген АЖЭО вице-президенті Алла КАНЦЕВА «АЖЭО» АҚ 2020 жылдың желтоқсанында жылу энергиясының тарифін көтермегенін айтты. Қарашамен салыстырғанда желтоқсандағы сыртқы температураның төмендеуіне байланысты қараша мен желтоқсан айларында төлем айырмашылығы болған. Төлем сыртқы ауаның нақты температурасына сәйкес, үйдегі ортақ жылу есептегіш бойынша есептелді. Оның айтуынша, қарашада ауаның орташа температурасы Цельсий шкаласы бойынша +1,4 градус, ал желтоқсанда - 8,4 градус болды.

- Бұл жерде адамның қатысы жоқ. Ай сайын ЖЭО мен ПИК өкілдері көрсеткіштерді үйдегі ортақ жылу есептегіштен алады. Егер тұрғындар бұл соманы өте көп деп санаса, олар бізге жеке хабарласа алады. Біз қайтадан тексеріп, есептейміз, - деді А.Канцева.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті де жылу тарифінің көтерілмегенін хабарлады. 2021 жылы тұрғындар үшін коммуналдық қызмет тарифтерін 2020 жылдың деңгейінде ұстау жұмыстары жүргізілгенін еске салды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

9 қаңтар 2021, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.