Атырау, 13 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Индонезиялық жолаушылар ұшағы суға құлаған

2 664 просмотра

Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда, теңізде ұшақ сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы СИНХУА агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Sriwijaya Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы суға құлаған, қиранды мен адам денелері табылды.

Бұған дейін Индонезияда 4 минуттан соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшақ бір минуттан аз уақыт ішінде 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болған.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте бар екені жазылды.

9 қаңтар 2021, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.