Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жүргізушілер тектен тек мазасызданбаған

2 587 просмотра

Атыраудың полиция қызметкерлері 1 миллион және 2 миллион теңгеден астам төленбей қалған айыппұлы бар екі көлікті тапты. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 қаңтарда Мяскомбинат ықшамауданында патрульдік полиция қызметкерлері Әзірбайжанда тіркелген Lexus GX470 автокөлігін тоқтатты. Көліктің тізгінінде Грузияның 38 жастағы азаматы болды. Тексеру барысында бұл көлікке жалпы сомасы 2 миллион теңгеге 123 айыппұл салынғаны анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына  («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары») сәйкес автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Ал 7 қаңтарда Амандосов көшесіндегі жанар-жағармай құю бекетінің жанында полиция Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. Атырау қаласының 45 жастағы тұрғыны неге мазасызданғаны белгілі болды: оған жалпы сомасы 1 миллион 63 мың 980 теңгені құрайтын 35 айыппұл салынған екен. Оның да көлігі жоғарыда аталған бапқа сәйкес арнайы тұраққа қойылды.

Айнұр САПАРОВА

9 қаңтар 2021, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.