Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Үш жүргізуші қолға түсіп, оларға айыппұл салынды

Бейнежазба
2 792 рет қаралды

8 қаңтарда Атырау қаласының орталық көшелерінде жарыс ұйымдастырған жүргізушілердің жеке басы анықталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеу кезінде қаланың 24-25 жастағы үш тұрғыны анықталды. Үшеуіне де ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабы 3 бөлігі («Басқа көлік құралдарының жүруіне кедергі жасауға әкеп соқтыратын көлік құралдарын жол бойында тоқтату немесе қою ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 10 АЕК - 29170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтарда әлеуметтік желіде Cadillac Escalade, Nissan Skyline және Toyota Hilux көлікгі жүргізушілерінің Бейбарыс даңғылында жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген бейнежазбасы пайда болған-ды.

Айнұр САПАРОВА 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды 

9 қаңтар 2021, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.