Атырау, 25 қараша 15:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бельгия қатаң локдаунды ұзартты

1 903 просмотра

Бельгиядағы қатаң карантин тәртібі тағы екі аптаға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жұма күні Брюссельде ел үкіметі жанындағы консультативтік комитеттің отырысы өтіп, қазіргі эпидемиологиялық жағдай талқыланды. COVID-19 жұқтырғандар саны азайғанына қарамастан, Бельгия үкіметі карантин тәртібін жеңілдетуге әлі ерте деген шешімге келіп, оқшаулану ережесін 2021 жылдың 22 қаңтарына дейін ұзартты.

Сарапшылардың айтуынша, «рождество демалыстарынан» келген саяхатшылар мен мектептердегі сабақтың жандануы коронавирустың өршуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ билік өкілдері мекемелердегі қашықтан жұмыс істеу ережелерін тексереді. Мүмкіндігінше сапарға шықпауға кеңес беріледі, ал «қызыл аймақтан» оралғандар қосымша тексерістен өтіп, оқшаулануы керек. 

Сонымен қатар консультативтік комитет сарапшылар тобына жүгініп, барлық салалардың жұмысын жандандыру кестесін құрып, қай жерде қатаң жұмыс хаттамасы керек екенін көрсетуді сұрады. Сондай-ақ оны «мүмкіндігінше тез әрі тиімді» жасауды өтінді. Бельгия үкіметі жанындағы Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2021 жылдың 22 қаңтарына жоспарланған.

9 қаңтар 2021, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.