Атырау, 13 қазан 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жаңа жыл аптасында көліктерін соғып алғандар көп

2 546 просмотра

2020 жыл басталғалы Атырауда 36 жеңіл жол-көлік апаты тіркелді. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған көктайғақ пен көлік жүргізушілерінің көлікті уақытында қысқы дөңгелектерге ауыстырғысы келмеуі себеп болған.

- Бұдан басқа, көп адам жолдағы қауіпсіз қозғалыс ережелерін сақтамайды, - деп атап өтті ПД баспасөз қызметі. - Мысалы, 2 қаңтарда 24 жастағы «Lada Largus» жүргізушісі Құрманғазы көшесінің бойында солға қарай бұрылыста «Opel Astra» көлігімен соқтығысқан. «Лада» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 610-бабы («Жүргiзушiлдiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Сол күні болған тағы бір оқиға: 57 жастағы Skoda Oktavia көлігінің жүргізушісі «Дина» базарының тұрағынан артқа қозғалған кезде «Mazda SH-5» көлігімен соқтығысқан. 610-бап бойынша толтырылған әкімшілік хаттама сотқа жолданды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

8 қаңтар 2021, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.