
Бұл туралы мұнай тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Бастапқыда жобаны 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын – бұл мерзім COVID-19 пандемиясына байланысты түзетілді.
Жобаның алғашқы іске қосу кешені аясындағы барлық іс-шаралар 2020 жылғы маусымда аяқталды. Атап айтқанда, Н.Шманов атындағы БМАС-тан «Атырау – Кеңқияқ» мұнай құбырына дейін жалпы ұзындығы 6,5 км болатын мұнай құбырының екі тармақты бөгеті салынды. «МұнайТас» ЖШС-ның Т.Қасымов атындағы МАС аумағындағы объектілерді қайта жаңарту аяқталды.
Бірінші іске қосу кешенінің нысандарын қабылдау 2020 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай тасымалдау көлемін айына 90-100 мыңнан 190-200 мың тоннаға дейін реверс режимінде арттыруға мүмкіндік берді.
Екінші іске қосу кешені аясында «Аман» МАС құрылыс алаңында технологиялық құбырларға гидравликалық сынақтар жүргізілді, 226 шақырымында «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырына ойым жасалды. «Құлсары» қосалқы станциясы мен «Аман» қосалқы станциясында барлық жұмыстар, соның ішінде, іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, 110 кВ жоғары вольтты екі желіге, «Аман» МАС 10/04 кВ жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясы мен «Аман» МАС магистральдық сорғы агрегаттарына кернеу берілді.
«Өнімділігі жылына 6 млн тоннаға дейін «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры учаскесі реверсінің бірінші кезеңі» жобасы - «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары жүйесін салу және дамыту кезеңдерінің бірі. Оны пайдалануға беру Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайын Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдауды, сондай-ақ «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры бойынша Қытайға экспорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау 0