Атырау, 25 қараша 15:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та Pfizer вакцинасын салдырған дәрігер қайтыс болды

2 398 просмотра

АҚШ-та Pfizer вакцинасын салдырған дәрігер екі аптадан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Тенгриньюс РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған дәрігердің әйелі Хайди Некельманн жолдасы 56 жастағы Грегори Майкл 18 желтоқсанда вакцина салдырып, 16 күннен соң қайтыс болғанын айтқан.

"Меніңше, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты. Басқа нұсқа жоқ", - дейді Некельманн.

Оның айтуынша, Майкл салауатты өмір салтын ұстанған, темекі шекпеген, кейде ғана алкоголь ішкен.

Дәрігер вакцинаны салдырған соң үш күннен кейін қолында және аяғында қызыл дақтарды байқаған. Тексеру кезінде науқасқа тромбоциттердің жетіспеушілігі деген диагноз қойылған.

Pfizer баспасөз қызметінің өкілдері дәрігердің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Компания мамандары вакцина мен ер адамның өлімі арасындағы тікелей байланыс барына дәлел жоғын атап өтті.

Айта кетейік, америкалық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі BioNTech ұсынған bnt162b2 препараты Еуропалық Одақ билігі мақұлдаған Covid-19-ға қарсы алғашқы вакцина.

8 қаңтар 2021, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.