Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жаңа жыл күндері отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты шағым көбейді

2 495 рет қаралды

Жаңа жылдық демалыс күндері Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдар көбейді. 102 операторына негізінен азаматтық некеде тұрған немесе ажырасқан әйелдерден 50-ге жуық осындай шағым түскен. 

Мысалы, 1 қаңтарға қараған түні полицияға Құлманов көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 34 жастағы әйел хабарласып, 35 жастағы азаматтық некедегі жолдасы ішімдік ішіп, жанжал шығарып, ұрып-соққанын хабарлады. Учаскелік полиция оны қорғау ұйғарымын шығарып, жолдасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұл азамат сот шешімімен үш тәулікке қамауға алынды.

Тағы бір мысал, 2 қаңтар күні кешкісін Бірлік ауылының 20 жастағы тұрғыны 42 жастағы масаң әкесінің жанжал шығарып жатқандығы туралы хабарлама берген. Жанжал шығарушыны әуелі уақытша ұстау изоляторына жатқызған. Бірақ кейін жапа шегушінің кешірім беруіне байланысты, жанжал шығарушы азаматқа әкімшілік сот шешімімен ескерту берілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады. Бұл нөмірге тек жәбірленушілер ғана емес, куәгерлер де хабарласа алады (көрші пәтердегі дыбыстар және т.б.). Пайдалы болуы мүмкін басқа телефон нөмірлері: Қалалық полиция басқармасы 98-22-05, Дағдарыс орталығы: 46-60-60, Аналар үйі 8 701 337 11 92.

Айнұр САПАРОВА

7 қаңтар 2021, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.