Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жасөспірім көлік нөмірін медициналық маскамен жасырып жүргізген

2 778 рет қаралды

Желтоқсанның 4-інен 5-іне қараған түні Атырауда 16 жасар жасөспірім Toyota Camry көлігімен серуендемек болып, мемлекеттік нөмірді медициналық маскамен жауып қойған.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көшесінің қиылысында нөмірі жабылған көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде, жүргізушінің кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы және 612-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни, жасөспірім бірінші рет көлік жүргізбеген.

Бұдан басқа, оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша хаттама толтырылды.

Айнұр САПАРОВА

6 қаңтар 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.