Атырау, 13 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мал су ішетін жер жоқ

Сурет
4 747 просмотра

Исатай ауданындағы Аққыстау мен Тұщықұдық ауылдарының тұрғындары үшін қазір малға беретін судың тапшылығы басты мәселенің бірі болып отыр.

Қыста қар жаумағаны жергілікті шаруаларды тұйыққа тіреген жайы бар. Нарын каналынан бастау алатын «Қызыл үй» каналы бойындағы «Жұмағазы» мен «Дүтбай» жасанды су (котлован) арнасы тайызданып, салдарынан мыңдаған жылқы, түйе, сиырлар ылғал таппай тентіреп кеткен.

- «Қызыл үй» каналы бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген, сол себептен суды сақтау мүмкіндігінен айрылып отыр. Бұрын қар жауып, мал бір кезек қарлап, шөлін басатын. Екінші жыл болды, қар жауған жоқ, қуаңшылық қысып тұр. Енді бұл каналдарға су айдалмаса, жаппай мал қырылу қаупі төніп тұр. Осы мәселе жөнінде суық түскелі аудан басшыларына қақсап айтып келеміз, тыңдар құлақ жоқ, - дейді шаруалар.

Жақында бұл жағдай аз да болса, жақсы жағына өзгерген.

- Бүгін үшінші күн Жайықтан «Атырау облысы су арнасы» жасанды каналдарға су айдап жатыр. Бұдан басқа, 23 шақырым болатын «Қызыл үй» каналын толық күрделі жөндеуден өткізбей болмайды, - дейді  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген ӨТЕГЕНОВ. - Қазір жобалық сметасы жасақталып жатыр. Қалай еткенде де малды сусыз қалдырмаудың жолы қарастырылуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор 

8 қаңтар 2021, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.