Атырау, 13 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жоғалған жасөспірімдер, өртенген "Мерседес"

2 466 просмотра

Осы Жаңа жыл түні Атырауда ірі оқиғалар болған жоқ. Әдеттегідей, жедел жәрдем станциясы фельдшерлерінің кезекшілігі мазасыз өтті. Жаңа жыл түнінде 42 бригада 670, ал 1 қаңтарда мыңға жуық қоңырау шақыртуына қызмет көрсетті.

1-5 қаңтар аралығында Атырауда 7 бала мен жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен. Бірақ көп кешікпей полиция олардың үйлеріне қайтарды.

Мысалы, 4 қаңтарда сағат 23 шамасында 14 жастағы жасөспірім анасымен ренжісіп, үйінен шығып кетіп, өзенге қарай бет алған. Оны полиция қызметкерлері тауып, отбасына жеткізді. 10 жастағы бала да анасымен сөзге келіп, үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Ол көршісінің үйінен табылды.

Қала маңындағы Көкарна және Томарлы ауылдарында бір-бірден ұрлық тіркелді. Өкінішке орай, Полиция департаменті жол жүру ережелерін бұзу туралы ақпарат берген жоқ.

Мереке күндері өрт сөндірушілерде де тыныш болды деуге болады. 3 қаңтарда Нұрсая ықшамауданында «Мерседес» көлігі өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, көлік иесі аккумуляторды қуаттап алғысы келген, бірақ қысқа тұйықталу орын алыпты. Жүргізушінің өзі жарақат алған жоқ.

Коронавирус жағдайын да атап өткен жөн - 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында 291 адамнан коронавирус анықталды.

Фархат ӘБІЛОВ

6 қаңтар 2021, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.