Атырау, 13 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Теңіздегі Covid-19 індеті: 800-ден астам адам стационарда емделуде

2 774 просмотра

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте Атырау облысында 101 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 9 пациент Атырау қаласынан тіркелген. Скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінде 78 адамнан, Жылыой ауданынан - 2, Құрманғазы ауданынан – 12 адамнан анықталды. 12 адамда ауру белгілері байқалада. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 32 пациент емделіп шықты.

Қазіргі кезде үй жағдайында 321 адам ем алуда, облыстық инфекциялық стационарда 95 адам, аудандық инфекциялық стационарларда 39 адам, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 811 адам жатыр.

6 қаңтар 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.