Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мақатта 1925 жылы салынған 6 пәтерлік үй өртенді

Сурет
4 063 рет қаралды

2 қаңтарда Мақат кентінде алты пәтерлік ескі үйдің екі пәтері түгі қалмай өртеніп кетті. Адам шығыны жоқ.


Анығы сол, Парасат көшесіндегі алты пәтерлік барак үй 1925 жылы салынған бұрынғы балабақшадан қалған. Қамыстан салынғандықтан пәтерлер тез жанып кеткен. Өрт сөндірушілер дер кезінде жеткенінің арқасында қалған пәтерлер аман қалды.

- Екі пәтер жанып кетті, ал тағы бір пәтер өрт сөндіру кезінде жарамсыз болып қалды. Демеушілікпен үш пәтер тұрғындарына уақытша баспана берілді. Болашақта олардың жағдайы қарастырылады, - дейді Мақат кенті әкімі Ербол ЕРМАҒАМБЕТОВ. - Өрттің шығу себебі мен шығындар анықталуда.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

5 қаңтар 2021, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.