Атырау, 13 қазан 23:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда коронавирустан жазылып шыққандарды оңалтуға қалай көмектеседі

2 895 просмотра

Коронавирустан кейінгі оңалту әлеуметтік медициналық сақтандыру қаржысы есебінен жүргізіледі. Бірақ науқастар оған баруға ниет таныта қоймайды, өйткені олар көп шоғырланатын қоғамдық орындардан аулақ жүруге тырысады.

Бұл туралы бізге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК хабарлады.

- Оңалтудан пациенттердің бәрі өте алмайды, тек орташа, ауыр және өте ауыр түрде ауырғандар ғана. Олар пневмониямен, соның ішінде ковид-пневмониямен ауырып, өкпесі 25%-дан астам зақымданған, ілеспе және асқынған аурулары бар, сонымен қатар ілеспе ауруларсыз өкпесі 50% зақымданған және ИВЛ аппаратымен емделген науқастар, - дейді облыстық аурухананың оңалту бөлімінің меңгерушісі Үміт КУШЕМБАЕВА. - Оңалту емханадағы күндізгі стационарда немесе тәулік бойғы ауруханада жүргізілуі мүмкін. Біз оңалтуды 25 тамыздан кейін бастадық. Емханаларда пациенттердің тізімі жасалып, Балықшы мен Жилгородоктағы стадиондарды қоса алғанда 6 ашық алаңда тыныс алу жаттығулары өткізіліп, емханаларда ингаляциялар жасалды, физиологиялық ем жүргізілді.

COVID-19 және коронавирус пневмониясымен ауырған пациенттерді оңалтуға жіберу тәртібі әдеттегідей: ол үшін пациенттің жағдайын бағалау мақсатында реабилитолог дәрігермен немесе мамандардың көп салалы тобынан консультация алуға жолдама беретін учаскелік дәрігерге жүгіну керек. Тексеру кезінде тыныс алу функциялары (сатурация деңгейі, КT/рентгенография мәліметтері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеті (Бартел индексі) ескеріледі. Облыста COVID-19 пандемиясының бірінші толқынынан кейін қанша пациент оңалтудан өткені туралы жыл қорытындысы әлі жасалмады. Ол қаңтардың соңында белгілі болады.

Әзірге медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту бірнеше кезеңнен тұратынын еске салады. Біріншісі - стационарда тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуды тежеуге және азайтуға бағытталған қалпына келтіру шаралары кешенінен басталады. Ауруханадан шығарғаннан кейін ауру ағымының ауырлығына және ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациентті оңалтудың 2-кезеңіне немесе амбулаториялық-емханалық мекемелерде, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, шипажай-курорт мекемелерінде, үйден немесе қашықтан жүргізілетін 3-кезеңіне жіберілуі мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қаңтар 2021, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.