Атырау, 13 қазан 23:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"БЖЗҚ" Атырау филиалының басшысы: «Зейнетақы жинағын алу үшін бізге келудің қажеті жоқ»

2 654 просмотра

Қазір қазақстандықтардың көпшілігі, оның ішінде атыраулықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу мүмкіндігін асыға күтуде. «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢ айтуынша, алдын-ала есептеулерге сәйкес бұған 750 мыңға жуық қазақстандық жүгіне алады, оның 8-10%-ы - Атырау облысының тұрғындары.

- Жақында ел президенті тиісті заңға қол қойды, оны жүзеге асыру тетігі әзірленуде, - дейді Қ.Құлбарақов. - Қазір бір нәрсе ғана айта аламын: көбі ақшаны тұрғын үйді жөндеу немесе  сатып алу үшін алғысы келеді, ал бұл мәселемен оператор «Отбасы банкі» (бұрынғы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі») айналысады. Барлық сұрақты сол жерден анықтау керек. Банк Интернеттен арнайы платформа жасауды көздеп отыр, адамдарға ЭЦҚ көмегімен онлайн-қызмет көрсетіледі. Сіз сұраныс жіберіп, қанша сома ала алатыныңызды біле аласыз.

- Жаңа жыл басталған кезде көп тұрғын сіздерге зейнетақы қорына жүгінетін шығар.

- Бізге бекерге жүгінеді. Біздің міндетіміз – тек түскен жинақ ақшаны есептеу, оны салымшының жеке шотына орналастырып, шоттағы мәліметтерді беру екенін еске салғым келеді. Бірақ қазір бұл қызмет цифрландырылған: салымшылардың 95%-ы қор қызметін электронды түрде алады. Ол жерде күрделі ештеңе жоқ.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 1 желтоқсанында Атырау облысының тұрғындары шоттарына жалпы сомасы 760 миллиард теңге зейнетақы қаржысын жинаған.

Естеріңізге салсақ, тұрғын үй жағдайын жақсартумен қатар жаңа заңда зейнетақы шотындағы ақшаны қымбат тұратын емге жұмсау қарастырылған. Ол үшін өзіңіз тіркелген жердегі медицина мекемесіне хабарласу керек, шешімді дәрігерлік комиссия қабылдайды.

Айнұр САПАРОВА

5 қаңтар 2021, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.