
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері келесі жылдан бастап өсуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтай кулуарында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Көрсеткішті индекстеудің нақты мерзіміне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берген Ұлттық экономика министрлігінің басшысы түпкілікті шешім әлі де белсенді түрде пысықталып жатқанын айтты.
«Бұл мәселе қазір Үкімет пен Президент Әкімшілігі деңгейінде талқыланып жатыр. Сондықтан жақын арада нәтижесі белгілі болады деп ойлаймын. Нақты мерзімін әзірге айта алмаймын, бірақ бұл — жақын болашақтың еншісіндегі мәселе. Егер көтерілсе, келесі жылдан бастап өседі», — деді Серік Жұманғарин.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңгені құрайды.
В Атырау +21.3