Атырау, 14 қазан 16:50
 дождьВ Атырау +21.3
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Құлсарыдағы гүлзарларда жылқы емін-еркін жайылып жүр: иесіне айыппұл салынды​

113 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Құлсары қаласындағы  гүлзарлар өріске айналды. Қаланы абаттандыру үшін отырғызылған сәндік өсімдіктерді жылқылар таптап, емін-еркін жайылып жүр.

Бір емес, бірнешеуі топталып, гүлдерді отап тастады. Тұрғындардың айтуынша, мұндай үйірлердің саны бірнешеу. Біреулер терін төгіп көгалдандырумен айналысып жатса, енді біреулері бұл еңбектің нәтижесін төрт түлігінің емін-еркін құртуына жол беріп отыр.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі қараусыз қалған жылқылардың иелері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша тағайындалды: 408 (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу), 505 (абаттандыру қағидаларын бұзу) және 406 (ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу).

Осылайша, жылқылардың қалалық гүлзарларда сайран салуы олардың иелері үшін әкімшілік жазаға айналды. Бұдан былай мал иелері төрт түлігіне мұқият қарап, ал гүлзарлар мал жайылатын алаң емес, қайтадан қаланың көркіне айналады деген үміт бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.