Атырау, 14 қазан 16:43
 дождьВ Атырау +21.3
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Құлсарыда бұралқы иттер сәбидің арбасында жатқан мысықты талап тастады

120 рет қаралды
Әлеуметтік желідегі видеодан скриншот
Әлеуметтік желідегі видеодан скриншот

«Ал сол арбада сәби жатса ше?» Құлсарыдағы иттердің әрекетінен шошып, балаларының қауіпсіздігіне алаңдап қалған "Екінші" ауыл тұрғындарын осы сұрақ мазалап отыр.  

13 қазан күні бұралқы иттер подьезге кіріп, сәбидің арбасында жатқан мысықтың дал-дұлын шығарып талап өлтірді. Оқиға күндіз болды. 

Тұрғындардың айтуынша, бұралқи ит мәселесі бұрыннан бар. Бұған дейін иттер үй жануарларына шауып, қораға кіріп, малдың қарнын жарып кететін. Енді олар адамға шабуы мүмкін деп қауіптенеді.

«Бұралқы қаңғыбас иттер қалада толып жүр, бірақ оның көзін жойып, қамап жатқан жоқ. Бұрында иттер қорадағы малға шабуыл жасап, қырып кеткен оқиғалар болды. Енді мектептен кештетіп келетін, таңертең ерте мектепке баратын балаларымызға шабуыл жасай ма деп қорқамыз. Асыранды иттер де бей-берекетсіз көшеде жүреді, осыларға әкімдік неге шара қолданбайды?» — деп ренжиді тұрғындар.

Кейбіреулер тіпті мектептегі сабақ кестесін қайта қарап, балалардың қараңғыға қалдырмай, ерте таратуды ұсынды. 

Жалпы биыл итке 15 млн теңге қаржы бөлінген. Бұралқы иттерді оқшаулау немесе қамауға алу жұмысын қала әкімшілігі жеке кәсіпкерлердің құзырында екенін айтады.

Қала әкімшілігі сол күнгі оқиғадан кейін иттердің ауланғанын хабарлады.  

Әкімдіктің ақпараты бойынша, «Екінші» шағын ауданында болған оқиғадан кейін иттер ұсталды. Дегенмен бұл жағдай Құлсары көшелеріндегі қауіпсіздік мәселесін қайтадан ушықтырды, мұнда тұрғындар қаңғыбас иттерден де, қараусыз серуендететін үй жануарларынан да қорқады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.