Атырау, 14 қазан 16:19
 дождьВ Атырау +21.3
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

SpaceX-тің күтпеген шешімі Украинада наразылық тудырды

70 рет қаралды

SpaceX компаниясы қозғалыс кезінде Starlink интернет-терминалдарының жұмыс жылдамдығын күтпеген жерден шектеді. Киев бұл жаңашылдықтың алдын ала ескертусіз енгізілгенін және соның салдарынан әскери операциялардың сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Bloomberg.

Украина президентінің кеңесшісі Сергей Бескрестновтың айтуынша, нысанның қозғалыс жылдамдығы сағатына 160 шақырымнан асқан кезде деректерді беру шектеуі автоматты түрде іске қосылады.

«Біздің Қорғаныс күштерімізге бұл шектеу туралы алдын ала ескерту жасалған жоқ. Соның салдарынан бірқатар маңызды миссия сәтсіз аяқталды», — деді Бескрестнов.

Еуропаның реакциясы: «Әй, Илон, сен тағы да саясатпен айналысып жүрсің бе?»

Бұл жағдай дипломатиялық жанжалға ұласты. Терминалдардың жұмысындағы ақаулар туралы хабарлар аясында Польша Сыртқы істер министрлігінің басшысы Радослав Сикорский SpaceX негізін қалаушы Илон Маскке ашық түрде үндеу жасады.

«Әй, Илон, сен мықты жігітсің ғой, өнімдерің арқылы тағы да саясатпен айналысып жүрсің бе? Біз, сенің еуропалық клиенттерің, сені мұқият бақылап отырмыз», — деп жазды Сикорский әлеуметтік желілерде.

Әзірге Илон Масктың өзі де, SpaceX компаниясының өкілдері де жылдамдық шектеуін енгізу себептеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.