Атырау, 25 қараша 15:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Йемен әуежайындағы жарылыстан 10 адам қаза болды - БАҚ

3 355 просмотра

Оңтүстік Йеменде Адендегі әуежайда болған жарылыстан қаза тапқандар саны онға жетті, 20-дан аса адам жарақат алды, - деп хабарлады tengrinews.kz басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Бұған дейін бес адам қаза болғаны хабарланған. Кейін құрбандар саны 10-ға жеткен.  

Жаңа үкімет мүшелері ұшып келген кезде әуежайда бірнеше қатты жарылыс болған.

Дереккөздің агенттікке айтуынша, министрлер зардап шеккен жоқ, өйткені төтенше жағдай кезінде олар ұшақта болған. Кейін олар үкімет сарайына жеткізілген. Әуежай ғимараты мен оның айналасындағы аймақтарды қауіпсіздік күштері қоршауға алды.

Дереккөз мәліметінше, Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында "Ансар Алла" (хуситтер) бүлікшілері бақылауындағы аймақтардан зымыран ұшқан, жарылысқа сол себеп болды деген ақпарат бар.

31 желтоқсан 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.