Атырау, 13 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау қаласында көптен күткен Тутұғыр алаңы ашылды 

PR Сурет
4 857 просмотра

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда көптен күткен Тутұғыр алаңы салтанатты түрде қолданысқа берілді. Аталмыш шараға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов

«Бүгін міне, қаламызға әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды алаңмен толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Өз дәуірінде даңқты бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, бағаналы орда құрған. Сондықтан да ту біз үшін — қанымызда қайнаған намыс, руһты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу - біз үшін асқан абырой, зор мәртебе.  Қаламыздың көркін ашқан байрағымыз өңіріміздің айбынын асқақтата түсуде», - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Аталған тутұғыр құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың "Игілік" бағдарламасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылғанын айта кету керек.

ТШО бас директоры Имер Боннер

Салтанатты рәсімге қатысқан ТШО бас директоры Имер Боннер осынау еңселі тутуғыр баршамызды  жылдар бойы қуантсын деп тіледі.

«Компаниямыздың барлық қызметкері атынан баршаңызға Қазақстан Республикасының Туында  көрсетілгендей, мықтылық, молшылық пен бейбітшілік, сондай-ақ 2021 жылдың жақсылығы көп болсын деп тілеймін», - деді Имер Боннер ханым.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсан айында өндірістік ақау салдарынан тутұғыр құлап кеткен болатын. Содан кейін құрылыс мердігері жаңа металлқұрастырылымын орнатты, оның қорытпасы климаттың төтенше жағдайына төтеп береді, ал құрастырылымы тұрақты әрі қауіпсіз.

«Кастадор» жобасының менеджері Эдуард Иль нысанның қауіпсіздігіне қатысты «аузы күйген үрлеп ішер» деп айтты.

Ең алдымен сапаны бақылау шаралары күшейтілді, жаңартылған тутұғырды әртүрлі елдерден келген бірнеше маман қайта тексеріп шықты, сондай-ақ АҚШ инженерлері тутұғырдың компьютерлік моделін жасап, оны әртүрлі ауа-райына, атмосфера мен жел жылдамдығына қатысты сынап көріп, тутұғырға техникалық қызмет көрсетудің ең қауіпсіз нұсқауларын анықтады. Бұдан әрі қызмет көрсетуді Атырау облысы әкімдігінің бақылауымен жергілікті компания жүзеге асырады. Біз өзіміз де қызмет көрсеткіміз келеді, өйткені бұл нысан сенімді әрі берік екенін білеміз», - деді ол.

Құрылысшылардың айтуы бойынша, тутұғырдың биіктігі 91 метрді құрайды. Бұл жалау үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе электр жетегімен көтерілетін көп қырлы болаттан жасалған конустық немесе дөңгелек конустық тірек. Ұзындығы 80 метрлік тутүғыр композициясы субұрқақ пен доға пішінді эркерлік композициядан тұрады. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғарғы жағында Елтаңба, шеткі бөліктерінде Әнұран орналастырылған. Конус пішінді тутұғырда 29х14,5 метр болатын Ту орнатылған.  

Мердігер тутұғыр айналасындағы 6500 шаршы метрге жасыл гүлзарлар, қоршау болатын 8500 бұталы көшеттер, 44 қылқан жапырақты және 70 жапырақты ағаштар отырғызып, ескерткішке іргелес аумақты раушан гүлдермен безендіруге уәде берді.

- Жасыл желектерді суару үшін датчиктермен жабдықталған автоматтандырылған жүйе қолданылады, ол миллилитр дәлдігімен өсімдіктерге қажетті су мөлшерін анықтап, оны тікелей ағаштардың тамыр жүйесінде орналасқан су сіңіру діңгектеріне жеткізіп отырады.Бұл жүйе суды мүмкіндігінше тиімді пайдаланып, өсімдіктерді қоректендіреді, - деп атап өтті компания өкілі.

«Біз бұл нысанға бар жанымызды салдық. Оны аяқтау үшін көп еңбектендік, көп күш жұмсадық, Атырау тутұғыры халықаралық стандарттарға сай, бірегей, есте қаларлықтай болғанын қаладық», - деп өз эмоцияларымен бөлісті жоба менеджері Эдуард Иль.

Жақында Эдуард әріптестерінің – сәулетшілердің, көршілердің, достарының нысан қаншалықты керемет болып шыққандығы туралы жағымды және ризашылық пікірлерін жиі ести бастады. Эдуард балаларын осы жерге әкеліп, жұмысының нәтижесін көрсеткісі келеді.

Анықтама үшін:

2020 жылы ТШО «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасына 25 миллион доллар қаражат бөлді, оның көп бөлігі Атырау облысында балабақша, мектеп және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалды.

«Игілік» жобасы аясында тутұғырдан басқа доға пішінді эркерлік композициясы, субұрқақ, автоматты суару жүйесі, келушілерге арналған автотұрақ салынды.

Биыл ТШО Атырау қаласындағы энергетика-құрылыс колледжінің студенттері мен оқытушыларына арналған 100 орындық төрт қабатты жатақхананың құрылысын аяқтады.

2020 жылы Құрсай өзенінің жағасы тазартылып, абаттандырылды. Водников ауданы мен Доссор ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысын аяқтады.

ТШО төмендегі жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысын бастады:

Құлсары қаласында 580 орындық мектеп;

Ракуша ауданында 280 орындық балабақша;

Құлсары қаласында 75 төсек-орындық аурухана;

Құлсары қаласында 200 төсек-орындық аурухана.

Құрылыс жобаларынан басқа 2020 жылы ТШО өзінің Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға 2,2 миллион АҚШ долларын бөлді.

Осынау қиын кезеңдерде ТШО қоғамның ажырамас бөлігі болып қала береді және ел экономикасына да, коронавирус індетімен күресте алдыңғы қатарда жүрген адамдарды қолдау арқылы өз үлесін қосып отырады.

Компания медицина қызметкерлері мен халықтың қажеттіліктері үшін құны 3,3 млрд теңгеден асатын қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, сыйға тартты. Компания 648000 данадан астам жеке қорғаныс құралдарын, 56 оттегі концентраторын, 252 медициналық құрал, 20 ӨЖЖ аппараты, коронавирус инфекциясын диагностикалауға арналған 2 ПТР құрылғысы, медициналық автокөліктер, пирометрлер, жылуға ден қойғыштар мен дезинфекциялау құралдары, реанимациялық машиналар мен жедел жәрдем көліктері.

30 желтоқсан 2020, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.