Атырау, 14 қазан 01:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Құлсарыда жалпы уланғандар саны 29-ға дейін көбейді

3 736 просмотра

Бүгін 29 желтоқсанда Құлсары қаласының тағы 13 тұрғыны тамақтан уланып, Жылыой аудандық ауруханасына түсті. Бұған дейін 16 тұрғын уланып, ауруханаға түскен еді. Аурухана директоры Нұрбек ҮКІБАЕВТЫҢ айтуынша, бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айну және жалпы әлсіздік байқалған.

- 27-28 желтоқсанда бізге барлығы 29 адам жүгінді. Олардың тамақтан уланғаны белгілі болды. Бәрінің айтуынша, 24 желтоқсанда олар «Три самурая» кафесінен үйлеріне тапсырыспен жеткізілген сушиді жеген екен, - деп хабарлады Үкібаев.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 304-бабы («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айнұр САПАРОВА

29 желтоқсан 2020, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.