Атырау, 16 қаңтар 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Құтқарушылар тиегішті мұз астынан шығарды

3 453 рет қаралды

25 желтоқсанда Еркінқала ауылының маңында, «Рыбоходный» каналында жүк тиегіш мұз астына түсіп кетті. Бағына орай, осылайша «жолды кесуге» тырысқан 49 жастағы жүргізуші аман-есен жағаға шықты.

ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері барғанын хабарлады. Келгеннен кейін олар каналдың тереңдігі 2 метр, мұз қалыңдығы 30 см, ал жартылай батқан тиегіштің жағадан 45 метр қашықтықта екенін анықтады.

- 26 желтоқсанда құтқарушылар мұзды сүйменмен жарып, содан кейін сүңгуір жұмыстарын жүргізді, тиегіштің батып кеткен бөлігіне арқандарды бекітті. Сағат 16-да тиегішті ДТ-75 тракторының көмегімен жағаға сүйреп шығарып, иесіне тапсырды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Техника иесі құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді.

ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтап, мұз үстімен көлікпен немесе арнайы техникамен жүрмеуге шақырады.

Айнұр САПАРОВА

29 желтоқсан 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.