Атырау, 25 қараша 15:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның сегіз елінде табылды

3 568 просмотра

Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр. Ол сегіз елде анықталды, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге. Бұл туралы sputnik.kz хабарлайды.

"Қолданыстағы қорғаныс шараларын күшейту өте маңызды", - деп жазды ол Twitter-де.

ДДҰ өкілі адамдарды әлеуметтік оқшауланудан аулақ болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маска тағуға шақырды.  

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің жаңа штаммы жастар арасында таралып жатқан болуы мүмкін. Ол әзірге вирустың жаңа түрі зерттеліп жатқандықтан қырағылық қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы анықталғаны белгілі болды. Ұлыбританияның жаңа және дамып келе жатқан респираторлық вирустық қауіп-қатерлер жөніндегі консультативтік кеңесі бұл штамм едәуір жылдам таралып жатқанын растады.

Коронавирустың жаңа түрі, алдын ала болжам бойынша, бұрынғысынан 70%-ке  жұқпалы болуы мүмкін екеніне қарамастан, оның өлімге немесе ауруханаға жату деңгейіне әсері туралы әлі ештеңе айтылмады.  

26 желтоқсан 2020, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.