Атырау, 14 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда жылдың үздік кәсіпкері таңдалды

4 264 просмотра

Атырауда «Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

«Бизнес жобаның жаңашылдығы» номинациясымен Бақытжан Дариева, Самал Жұмашева, Абзал Артықбаев марапатталды.

«Жыл меценаты 2020» номинациясымен - Әсет Мәмбетов, Болат Бушанов, Төкен Жұмағұлов.

«Жыл кәсіпкері 2020» номинациясымен - Қанат Сыдихов, Марат Өмірзақов.

Ал «Жыл кәсіпкері 2020» номинациясының жеңімпазы болып «Брандо» ЖШС-ның құрылтайшысы Махмут Миралиев танылды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пандемия кезеңінде көрсеткен көмек үшін кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

- Қиын кезеңде жерлестеріме көмек көрсету парызым деп санадым. Дәрігерлерді қонақ үймен және ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. Жұртымыз аман болсын, - деді кәсіпкер Бушанов.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 желтоқсан 2020, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.