Атырау, 25 сәуір 08:51
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бейнекамера көмегімен есірткі тәркіленді

4 067 просмотра

Атырауда полиция қызметкерлері бейнекамера көмегімен сатуға дайындалған синтетикалық есірткінің 650 дозасын тәркіледі.

Жедел басқару орталығының инспекторлары ұялы телефонымен айналасын түсіріп, күдік тудырған жас жігітке бірден назар аударды. Инспектор текке сезіктенбеген екен: есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған жігіт бетбелгілер (закладки) арқылы сату үшін арнайы келген.

- Жеке басын, сондай-ақ, тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде күшті әсер ететін пирролидиналерофенон препараты (альфа-ПВП) табылып, тәркіленді. Жалпы салмағы 208 грамм, ол жалпы сомасы 7 миллион теңгедей болатын 650 доза дайындалады, - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Жігіт көршілес Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты, ол Атырауға синтетикалық есірткіні бетбелгілер ( закладки) арқылы сату үшін арнайы келгені анықталды. Одан есірткіні дайындайтын және өлшейтін түрлі құрылғылар тәркіленді.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір ол тергеу изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан, бетбелгі (закладка) арқылы таратуды байқаған жағдайда, полицияның сенім телефонына 98-21-36, 98-20-70 нөмірлері бойынша немесе 98-21-55 кезекші бөліміне немесе 102 нөміріне қоңырау шалып, хабарлауды сұрайды.

"АЖ" анықтамасы:
Пирролидиновалерофенон - әртүрлі тәсілдермен қолданылатын синтетикалық өте қауіпті психостимулятор.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 желтоқсан 2020, 19:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.