Атырау, 23 желтоқсан 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Базарлар мен сауда орталықтары жаңа жыл мерекесінде бұрынғыша жұмыс істейді

4 500 рет қаралды

Облыста қатаң карантин енгізілмейді. Ал әлеуметтік желідегі Атыраудағы базарлар мен сауда орталықтары 5 қаңтарға дейін жабылады деген ақпарат жалған. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Санитар дәрігерлердің айтуынша, жаңа жыл алдындағы және жаңа жыл күндері базарлар мен сауда орталықтары бұрынғыша жұмыс істей береді.

Яғни, олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Тек жексенбі күні жабық болады.

Блок бекеттер орнатылмайды, облыс тұрғындары өңір аумағында емін-еркін жүре алады. Атырау облысында блок бекеттер тек Теңіз кен орнында орнатылған, бірақ олар көктемнен бері жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 желтоқсан 2020, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.