Атырау, 16 қаңтар 14:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Атырауда тәулік ішінде коронавирустың 62 жағдайы анықталды

4 112 рет қаралды

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індетінің ПТР арқылы расталып тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сонымен қатар, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Жылыой - 3, Қызылқоға - 1, Индер - 5, Исатай - 1, Махамбет - 2, Мақат - 1, Құрманғазы ауданында 5 адамнан анықталған.

25 адам денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінгені, скринингтік тексеріс кезінде 16 адамнан анықталғандығы, 21 адам байланыста болған адамдар ретінде тексерілгені хабарланды.

25 желтоқсан 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.