Атырау, 20 сәуір 15:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Іш киімдегі есірткі мен қаймақтағы телефон

3 970 просмотра

Жыл басынан бері Атыраудағы тергеу изоляторына заңсыз кіргізбек болған 10-ға жуық сәлемдеменің жолы кесілді. Олардың ішінде ұялы телефондар, есірткі шөптері, тіпті, ақша да бар.

Мысалы, алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып отырған тергеудегі азаматқа арналған шалбардың қалтасынан 45 мың теңге табылды. Ал карантин жарияланғанға дейін кездесуге келген азаматты тексеру кезінде іш киімінің ішіне жасырылған марихуана табылды. Йогурттың ішінен, қаймақ салынған ыдыстың түбінен, ет пен картоптың арасынан да есірткі мен ұялы телефон шыққан.

- Осы жағдайлардың бәрінде Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, құқық бұзушылар ұсталды. Тексеру барысында тапсырыс берушілер де анықталып, тиісті жазасын алады, - дейді УГ-157/1 мекемесінің бастығы Мейірбек ОРАЗҒАЛИЕВ.

Айта кету керек, мекемеге әкелген сәлемдеменің барлығы жіті тексеріліп, тіпті, рентген аппараты арқылы өтеді. Сондықтан мекеме аумағына заңсыз сәлемдемені өткізу мүмкіндігі жоқ.

Фархат ӘБІЛОВ

25 желтоқсан 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.