Атырау, 25 қараша 16:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Коронавирус Антарктидаға да жетіпті

3 398 просмотра

Чили зерттеу станциясында COVID-19 жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Осылайша, енді Антарктида коронавирус инфекциясы жоқ жалғыз құрлық емес, - деп хабарлайды Тенгриньюс Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Антарктидадағы O'Higgins Riquelme ғылыми станциясында 36 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар тапсырған ПТР-тест оң нәтиже берген.

Әскерилердің айтуынша, вирусты 26 әскери қызметкер мен базаға қызмет көрсететін мердігер компанияның 10 қызметкері жұқтырған.

Барлық науқасты медициналық ғылыми қызметкерлер аурудың симптом пайда болғаннан кейін эвакуациялаған. Кейін олар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған.

O'Higgins станциясына жаңа команда жіберілген. Олар алын ала карантинде болған, COVID-19-дың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған. Ол теріс нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ, Антарктидада коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуі 27 қарашада Чилиден келген Sargento Aldea әскери кемемен байланысты екені айтылады. Ол континентке жүктерді жеткізген. Алайда 16 желтоқсанда Чилидің оңтүстігіндегі Талкауано портына оралғанда экипаждың 208 қызметкерінің үшеуінен коронавирус анықталған.

Айта кетейік, O'Higgins Riquelme станциясы - Антарктикадағы жұмыс істейтін 13 базаның бірі. Ол Чилиге тиесілі. Станция Антарктика түбегінің солтүстік нүктесінен алыс емес, Горн мүйісіне жақын.


23 желтоқсан 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.