Атырау тұрғыны балаларын жалдамалы пәтерге тастап кетті. Енді балалар құқығын қорғау жөніндегі комиссия оның ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдайды.
Әйел 5 және 3 жасар екі қызымен Тельман көшесінде пәтер жалдап тұрған. Ақтауда тұратын 18 жастағы үлкен қызының айтуынша, күзде анасы оған қоңырау шалып, келіп, сіңлілеріне қарауды өтінген. Өзі белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралуды ойламаған.
Үлкен қызы анасы келмеген соң полицияға жүгінді. Соңғы рет 35 жастағы әйелді Дүтбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен көргені белгілі болды. ПД баспасөз қызметі бұған дейін оның балалары бейімдеу орталығына орналастырылғанын және оның өзі «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.
Атырау полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, қазір қыздар қайтадан бейімдеу орталығына орналастырылған. Ал жинақталған материалдар ата-ана құқығын шектеу мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА