Атырау, 25 қараша 16:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Беларусьте Тихановская мен үйлестіру кеңесінің мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

3 465 просмотра

Беларусь бас прокуратурасы оппозиция жетекшілерінің бірі Светлана Тихановская мен үйлестіру кеңесінің мүшелері үстінен қылмыстық іс қозғады. Бас прокуратура оларды "экстремистік қауымдастық құрды" және "билікті басып алу мақсатында астыртын сөз байласты" деп айыптап отыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

21 желтоқсанда ішкі істер министрлігі Александр Лукашенко тапсырмасымен наразылыққа қатысушылардың бірыңғай электронды базасын жасап шығарғанын хабарлаған. Дерек қорында әрбір демонстрант туралы толық ақпарат: жасы, мекен-жайы, жұмыс орны немесе оқитын жері, хоббиі жайлы мәліметтер жазылған.

Беларусьте президент сайлауынан кейін тұтанған жаппай наразылық акцияларынан кейін оппозиция үйлестіру кеңесін құрған еді. Осыған дейін кеңестің бірқатар мүшелері қамалды, кейбірі Беларусьтен кетуге мәжбүр болды. Бірақ ұйым жабылған жоқ.

9 тамызда өткен президент сайлауында Александр Лукашенко алтыншы мәрте президенттікке сайланды деп жарияланғалы бері елде наразылық толастамай тұр. Сайлау кезінде дауыстардың жаппай бұрмаланғанын айтқан оппозиция нәтижені мойындамайтынын мәлімдеген. Оппозиция жақтастары сонымен бірге биліктің шерулерді күшпен басып, белсенділерді қудалауын да айыптаған. Наразыларды күшпен тарату кезінде кемінде 5 адам қаза болған, 6 адамнан әлі күнге дейін хабар жоқ. Құқық қорғаушылар мәліметінше, шамамен 30 мың белорус қудаланып, қоқан-лоқы көрген.

22 желтоқсан 2020, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.