Атырау, 14 наурыз 07:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 62 науқас анықталды

4 142 рет қаралды

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауруға шалдыққан науқастардың 21-і - Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Қызылқоға - 3, Индер - 4, Құрманғазы ауданында - 3, Исатай ауданында - 1 адамнан Covid-19 анықталған.

17 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шыққан.

Қазіргі уақытта 254 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 84

науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда - 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 364 адам ем қабылдауда.

22 желтоқсан 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.