Атырау, 14 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жаңа экологиялық кодекс: не өзгереді

3 926 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында министр Мағзұм Мырзағалиевтың экологиялық кодекс жобасы туралы есебі жарияланды. Назарларыңызға толықтай жариялаймыз.

"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беретін Экологиялық кодекстің негізгі бөлімдеріне тоқталғым келеді.

«Ластаушы төлейді» қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралары жатады. Сонымен қатар, қоршаған ортағатигензалалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған.

Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс.

Бұдан басқа, экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіругеміндетті.

Ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді деген шартпен бірінші санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсаттарғакөшу ұсынылады. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды.

Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады.

Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты елу (50) ірі кәсіпорынды  Ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Айта кетерлік, осы елу (50) кәсіпорынға жалпы ластанудың сексен (80%) пайызы тиесілі.

Кодекстің жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды өту туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралды және негізінен экологиялық қауіпті объектілерге баса назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, қоғам өкілдеріқоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады (4 кезең - ниет туралы өтініш, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың есебі, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды).

Міндетті түрде бірінші санаттағы объектілердіңқоршаған ортаға әсері бағаланады. Ал екінші санаттағы объектілер скринингтен өтеді. Яғни, қоршаған ортаға әсерді бағалаудыжүргізу қажет немесе қажет емес екендігі анықталады.

Үшінші санаттағы объектілер бойынша декларация қабылданады (қоймалар, жиһаз цехтары, бетон өңдеу тораптары және қызметі жергілікті, қоршаған ортаны ластаудың елеусіз сипатындағы өзге де объектілер). Ал төртінші санаттағы объектілер реттеуден толық босатылған.(автожуу, ТҚО, қоғамдық тамақтану объектілері, қуаттылығы аз қазандық қондырғылары бар микробизнес объектілері).

Қоршаған ортаға эмиссиялар және табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы үшін төленетін төлем бойынша келесіні айта кету қажет.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттелмеген. Салдарынан жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың текқырық бес (45%) пайызын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөледі десек болады. Кейбір облыстарда табиғат қорғау іс-шараларына арналған шығыстар 10% - дан аспайды.

Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердін есебінен 100% пайыз көлемінде қаржыны табиғат қорғау іс-шараларына бөлуге міндетті екендігі көрсетілген.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелерін шешу мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы терминология мен ережелер халықаралық талаптарға сәйкес келтірілген.

Жобада қалдықтармен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге бағытталған қалдықтар иерархиясы қарастырылған. Бұл дегеніміз, ең алдымен, жиналатын қалдықтарды азайтуға бағытталған норма. Я болмаса жиналған қалдықтарды қайта пайдалану, қайта өңдеу, кәдеге жарату қажет. Тек осыдан кейін ғана полигондарда көму қажеттілігін қарастыру керек. Сондай-ақ, халықты тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің, қалдықтарды бөлек жинаудың рационалды жүйесі туралы хабардар етужүзеге асырылатын болады.

Қалдықтардың классификациясы Еуропалық каталогқа сәйкестендірілген. Және онда қауіпті емес те, қауіпті де қалдықтардың тізбесі көрсетіледі.

Бұл ретте, заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген", - делінген баяндамада. 

21 желтоқсан 2020, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.