Түркияның Газиантеп қаласындағы коронавирус ауруханасындағы жарылыстан және өрттен тоғыз адам қаза тапты деп хабарлайды Анадолу агенттігі елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаға сілтей отырып.
Жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.
Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды.
Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.
Түркия коронавирус індетінің екінші толқынын басынан өткеріп отыр. Ел билігінің хабарлауынша, кейінгі тәулікте елде коронавирустан 246 адам қайтыс болған. Бір күнде коронавируспен 26 410 адам тіркелген. Індет басталғалы Түркияда Covid-пен 2 миллионнан астам адам тіркелген, оның 18 мыңға жуығы қайтыс болған.
Екінші толқынның салдарымен күресу үшін ел үкіметі түнгі уақытқа комендант сағатын енгізіп, өткен аптаның соңынан бері жаппай карантин жариялады.
#Gaziantep’te özel bir hastanenin COVID-19 yoğun bakım ünitesinde yüksek akım oksijen cihazının patlaması sonucu çıkan yangında 9 kişi hayatını kaybetti, 11 kişi yaralandı.
Patlamanın ardından hastanenin içindeki hasar böyle görüntülendi. pic.twitter.com/mnoUFOEa5K
— EHA MEDYA (@eha_medya) December 19, 2020
Дереккөз: Азаттық радиосы