Атырау, 25 сәуір 16:45
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жол апатынан әпкелі-інілі туыстар қаза болды

4 823 просмотра

19 желтоқсан күні таңертең «Индер-Атырау» трассасында жол апаты болып, ағайынды екі адам қазаға ұшырады.

«Приора Универсал» автокөлігі жылдамдықпен келе жатып, аударылған. Салдарынан Индер ауданы Ынтымақ ауылының тумалары – 32 жастағы жүргізуші және оның 38 жастағы әпкесі оқиға орнында қайтыс болған. Көлікте олардан басқа төрт бала отырған, олар аман. Бейресми ақпарат бойынша, жүргізуші оқиға болардан екі күн бұрын үйленген. Оқиға болатын күні таңертең ол Ақтау қаласында тұратын әпкесін балаларымен пойызға шығарып салуға бара жатқан.

ЖКО байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 желтоқсан 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.