16 желтоқсан күні түстен кейін Әйтеке би көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны контейнерге дейін баруға ерініп, тұрмыстық қоқысты көше бойына төгіп тастайды.
Бір қызығы, құқық бұзушыны анықтау үшін полицияға қоқыс үйіндісі арасындағы пошта сәлемдемесінде (посылка сырты) үйдің мекен-жайы көрсетілген пакет көмектесті.
Полиция қызметкерлерімен азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлігі ("абаттандыру ережелерін бұзу... бір жыл ішінде қайталап жасалған...") бойынша 41 670 теңге көлемінде айыппұл салуға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласында аталған бап бойынша 2000-ға жуық адам жауапкершілікке тартылды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі