Атырау, 25 қараша 16:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орыс мафиясы: ұсталғандар арасында қазақстандық жоқ

3 517 просмотра

Испанияда «орыс мафиясының» ісі бойынша ұсталған бір топ адамның ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

«Испан тарапына бұл мәселе бойынша сұрау жібердік. Алайда, олардың ресми ақпаратына сәйкес ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматы жоқ болып шықты» деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, таяуда Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстаған болатын. Сол күні қазақстандық СІМ оның ішінде Қазақстан азаматы да бар екенін мәлімдеді.

Ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқаны үшін күдікке ілінген.

«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс - «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр» делінген хабарламада.

18 желтоқсан 2020, 22:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.