Атырау, 23 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

2018 жылғы Қарабатан трагедиясы: іс жабылды

4 074 рет қаралды

2018 жылдың 2 ақпанында Қарабатандағы газ турбиналы электр станциясының құрылыс алаңындағы жатақханада өрт шығып, жеті адам қаза болды. Олардың барлығы «PSI Stroy industriya» ЖШС-де слесарь-мотаждаушы болып жұмыс істеген. «AЖ»-ға белгілі болғандай, компанияға қатысты бір жылдан астам уақытқа созылған қылмыстық іс ақыры жабылды.

Еске салсақ, қайғылы оқиғадан кейін полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша іс қозғады. Сол жерде үкіметтік комиссия қатар жұмыс істеді, бір айдан кейін оны басқарған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан ӘЛТАЕВ өрттің жұмыс берушінің кінәсінен болғанын айтты. Әлтаевтың айтуынша, көп салмақ түскен электр сымдарының қысқа тұйықталуы тікелей себеп болған. Жатақхана орталықтан жылытылмайды, ал жұмысшылар жылыту үшін қолдан жасалған құрылғыларды қолдануға мәжбүр болған.

Сонымен, «AЖ тілшісінің сауалына Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі «қылмыстық іс «қылмыс құрамының болмауына» байланысты жабылды» деп жауап берді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы жұмыс беруші қаза тапқандардың отбасына сақтандыру бойынша 90 миллион теңге және 50 миллион теңге материалдық көмек төледі.

Фархат ӘБІЛОВ

15 желтоқсан 2020, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.