Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Індет бизнеске де зардабын тигізді

3 261 просмотра

Пандемияның бизнеске қалай әсер еткенін анықтау үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасы 645 қоғамдық тамақтану, білім беру, сауда, туризм, қызмет көрсету, ойын-сауық және т.б. сала өкілдеріне сауалнама жүргізді.

Нәтижесі мынадай: сауалнамаға қатысқандардың 61%-ының қаржылық жағдайы күрт нашарлап, 34%-ы айтарлықтай дағдарысқа ұшыраған, респонденттердің тек 5%-ы пандемияның өздеріне еш әсер етпегенін айтқан.

- Төтенше жағдай режимі кезінде сауалнамаға қатысқан кәсіпорын иелері барлығы 2239 қызметкерді мерзімсіз демалысқа жіберіп, 1209 адамды жұмыстан шығарған, - дейді ӨКП басшысы Абдолла ИДРЕСОВ.

Оның айтуынша, осы кезеңде палатаға бизнес субъектісінен - негізінен салық жеңілдіктері, мемлекеттік қаржылық қолдау, жалға алу және коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыруға қатысты 600-ден астам өтініш келіп түсті.

ӨКП басшысы өңірде мамандандырылған аграрлық аймақ құру қажеттілігі туралы мәселе көтерді, тіпті, бір мәселе емес - бұл ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін берер еді. Махамбет және Индер аудандарында осы мақсатқа қарастырылған жер телімдері бар. Енді оларға қажетті инфрақұрылым тарту үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесін шешу қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

15 желтоқсан 2020, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.