Атырау, 14 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысында күнбағыс майы мен құмшекерге шекті баға белгіленді

4 442 просмотра

Облыс әкімдігі күнбағыс майына шекті баға – бір литрі 528 теңге, ал құмшекердің бір келісі 268 теңге деп бекіту туралы қаулыны жариялады. Құжаттың қолданыс мерзімі - 90 күн.

Естеріңізге салсақ, алғашқыда Атырау облысы үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын сауда министрлігі биылғы сәуір айының басында бекіткен болатын.

Сол кезде 9 атаудан тұратын тізімде күнбағыс майының шекті бағасы 443 теңге деп белгіленді, ал құмшекер тізімге енбеді. Төтенше жағдай жойылғаннан кейін барлығы белгіленген бағаны ұмытып кетті, бірақ пандемияның екінші толқынында бұл мәселе қайта көтерілді. Енді тізім жасап, шекті баға белгілеу құқығы орталықтан жергілікті билікке берілді.

Естеріңізге салсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 202-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгіленген шекті бағаларын бұзғаны үшін 100 АЕК (277 800 теңге) айыппұл, ал қайталанса - 200 АЕК (445 600 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қалалық әкімдік осы мәселе бойынша қауырт желі телефонын - 32 01 69 жариялады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 желтоқсан 2020, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.