Атырау, 26 қараша 09:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қонақ үй сөз жүзінде ғана карантин стационары болған ба?

3 859 просмотра

Қалалық СЭС-тің эпидемиологиялық тергеу жұмысы барысында «Матен Петролиум» мұнай өндіруші компаниясының ауысым қызметкерлері үшін карантин режимін өрескел бұзғандығы анықталды. Соның салдарынан 17 қызметкерден коронавирус анықталды.

Өткен аптада Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті, оның 80%-ы ауысымға келетін жұмысшылар, бәрі де «Матен Петролиум» компаниясында жұмыс істейді.

- Ауысымға кіру үшін олар 7 күн карантин стационарында болып, соңында ПТР-дің теріс нәтижесін алуы керек, - дейді Атырау қаласының бас санитар дәрігері Қанат ҒАЙНЕДЕНОВ. Осы жерден «Матен Петролиум» компаниясы тарапынан заң бұзушылық анықталды. Қызметкерлер орналасқан қонақ үй санитарлық нормалар мен ережелерге сай келмеді. Қонақ үй басшыларына карантинге алынатын адамдардың жатқызылатыны хабарланбаған, келісімшартта тек олардың тұратыны көрсетілген.

Бұдан басқа, «Матен Петролиум» қызметкерлерінің жағдайын бақылайтын медицина қызметкерлері болмады. Тіпті, жеткілікті мөлшерде жеке қорғаныс құралы берілмеген.

- «Матен Петролиум» қызметкерлері қонақ үй ішінде еркін қозғалып, бірге тамақ ішіп, бір нөмірде екі-үш адамнан тұрып, карантинге алыну талаптарын бұзған. Ал науқастармен байланыста болған 8 адам қонақ үйден тексерусіз шығып кеткен, - дейді Қ.Ғайнеденов.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде «Матен Петролиум» АҚ-на 1600 АЕК айыппұл салынды. Бұл 4 млн 444 мың теңге.

Фархат ӘБІЛОВ

14 желтоқсан 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.