Атырау, 20 сәуір 07:04
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Сергекке» шағымдануға болады

3 953 просмотра

Атырауда «Сергек» бақылау «ақылды» жүйе іске қосылғалы жүргізушілерден әкімшілік полиция басқармасына тіркелген заң бұзушылыққа келіспейтіні туралы 79 шағым түскен. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ БАҚ-қа хабарлады.

Оның айтуынша, кең таралған жол жүру ережесін бұзушылықтың бірі – жол таңбасының тұтас немесе тұтас қос сызығын кесіп өту. Алайда бұл ереже кейде жүргізушіге қатысты емес жағдайларға байланысты бұзылып жатады, деп есептейді өңірдің бас полицейі.

- Бұзылып, жол ортасында тұрып қалған басқа көлік құралын немесе ЖКО болған жерді айналып өту кезінде ереже бұзылады. Бұдан басқа, кейде түрлі жұмыс жасап жатқан (бағдаршамды, көше жарығын, белгіні орнату, арықтан қоқысты тазарту, жаңбыр суын сору және т.б.) коммуналдық қызмет көлігін айналып өту кезінде қаланың көлік жолының «енсіз» жерлерінде тұтас қос сызықты кесіп өту қажет болады, - дейді Қ.Үмбетқалиев. – Осы жағдайларда кептеліс болдырмау үшін ЖЖЕ бұзуға тура келеді. Бірақ бұл әрекет мәжбүрлі сипатта болғандықтан, ол ереже бұзушылық деп есептелмейді.

«Сергектің» жол жүру ережесін бұзуға ықпал ететін факторға қарамастан заң бұзушылықты автоматты түрде тіркейтіні баршаға белгілі. Егер мұндай жағдайда әкімшілік айыппұл салынса, жүргізушіге бүкіл жағдайды анықтап, нақтылау үшін Нұрсая ықшамауданындағы әкімшілік полиция басқармасына жүгінгені жөн. 

Үмбетқалиев жол бойында қарастырылмаған жерде мәжбүрлі тоқтаған кезде ЖЖЕ №7 тармағын («Апаттық сигнал беруді және апатты тоқтау белгісін қолдану») ұмытпау керектігін еске салды. Осы тармақтың талабын сақтамау ереже бұзушылық болады, ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 602-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

«АЖ» бұдан бұрын хабарлағандай, «Сергек» компьютерлік шолу және арнайы алгоритм көмегімен автоматты режимде ЖЖЕ бұзылуын және басқа да заң бұзушылықтарды тіркейді. Атап айтқанда, әңгіме жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту, тоқтау сызығын басу, жол таңбасы сызығын бұзу туралы болып отыр.

Айта кету керек, 10 қыркүйектен 25 қарашаға дейін «Сергек» камерасының көмегімен 23483 ереже бұзушылық анықталды, салынған айыппұл сомасы - 190 млн 751 мың теңге.

Полиция мұнайлы астананың жүргізушілері анағұрлым ұқыпты болғанын, жол-көлік оқиғасының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға азайғанын атап өтті. 

Фархат ӘБІЛОВ

14 желтоқсан 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.