Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қызы Хадижат Қадырова Грозный қаласы мектепке дейінгі білім беру департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы республика парламентінің басшысы Магомед Даудов Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Хадижат Қадырова 20 жаста. Осыған дейін оның әпкесі Айшат республиканың мәдениет вице-министрі болып тағайындалған.
Шешенстанда республика басшысы Қадыровтың туыстары лауазымды қызметтерге жиі тағайындалады. Мәселен, қараша айында республика басшысының және үкіметінің әкімшілігін Рамзан Қадыровтың ағайыны Хас-Магомед Қадыров басқарды.
- Қазан айында Роспотребнадзордың Шешенстан республикасы бойынша басқармасы жетекшісінің орынбасары қызметіне Рамзан Қадыровтың балалар үйінен асырап алынған інісі Висита Қадыров тағайындалды.
- Наурыз айында туыстарын қызметке қойды деген айыпқа Рамзан Қадыров былай жауап берді: "Халқым үшін, республика үшін жауап берсем, ол үшін ұялмаймын. Егер бұл міндетті дұрыс атқарсам, министрдің, аудан басшысының, әкімшілік басшысының не үкімет жетекшісінің кім болатыны бәрібір емес пе?"