Атырау, 14 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

КВИ-мен ауырып жазылсаңыз - қан орталығына келіңіз

3 697 просмотра
Көрнекі сурет

Қытай ғалымдарының пікірінше, көбінесе қан тобы II адамдар коронавируспен ауырады екен. Алайда бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Мұндай пікірді ӨКҚ-да өткен онлайн-брифингте Атырау қан орталығының директоры Жәңгірхан БАХОНОВ айтты.

Оның пікірінше, аурудан ешкім сақтандырылмаған, сондықтан қауіпсіздік мақсатында барлық шараларды сақтау керек. Ол пандемия басталғалы қан орталығының қалай жұмыс істегенін де айтты. Бастапқыда, наурыз-сәуір айларында донорлар саны күрт төмендеді. Бірақ кейін тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер, әскерилер жиі келе бастады, кейін тұрақты донорлар қайта жиналып, жағдай түзелген.

- Біздің жетістіктеріміздің бірі - тамыз айынан бастап біз ауыр науқастарға КВИ-дан тәуір болғандардың, яғни, антидене түзілген адамдардың қанынан иммундық плазма дайындап жатырмыз, - деді Ж.Бахонов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

12 желтоқсан 2020, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.