Атырау, 14 қазан 07:45
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 26 адам анықталды

3 677 просмотра

Атырау облысында өткен тәулікте 26 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауру жұқтырған науқастардың 15-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 9 жұмысшыдан, Мақат -1, Құрманғазы -1 адамнан анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 6-ауында ауру симптомды түрде өтуде, қалғандарында ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясынан 4 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 164 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 46 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда - 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 216 адам ем қабылдауда.

12 желтоқсан 2020, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.