Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ол Бангладеште, Нигерияда және Еуропада жұмыс істеді, енді – "Теңізшевройлда"

3 938 рет қаралды

ТШО Кевин ЛАЙОННЫҢ «Теңізшевройл»ЖШС-ның бас директоры қызметіне ұсынылғанын растады. Ал әзірге ТШО-ның қазіргі (2021 жылдың 1 ақпанына дейін) бас директоры Имер БОННЕР «Шеврон» техникалық орталығының президенті және «Шеврон» корпорациясының технология жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

«Ол жоғары бизнес-көрсеткішті қамтитын озық тәжірибені қолдана отырып, ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны алға жылжытып, мүдделі тараптармен, атап айтқанда, Қазақстан Үкіметімен, серіктестермен және жұртшылықпен аса жоғары қарым-қатынасты сақтау арқылы ТШО-ны шебер басқара білді. Имер өзінің жаңа қызметінде де ТШО-ға, атап айтқанда, жаңа технологиялар мәселесі бойынша қолдау көрсететін болады», - деп атап өтті компания.

Кевин Лайонға келер болсақ, ол өзінің мансаптық жолында Бангладеш, Индонезия, Нигерия, Нидерланды, Филиппин және АҚШ елдерінде көптеген инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарды атқарды. Оның кандидатурасы басқару дағдысы мен тиісті халықаралық тәжірибесі негізінде қабылданды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 желтоқсан 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.